02 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №101 

478 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
2014 жылғы 20 қараша, Астана қаласы Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10-1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _______________ Т.ДҮЙСЕНОВА. 26 қараша 2014 жыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы №101 бұйрығымен бекітілген Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық іс-шараларды (спорттық жарыстарды, оқу-жаттығу жиындарын) өткізу кезінде, сондай-ақ, спортшылардың қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен, ауыруларымен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезінде медициналық көмек көрсетудің тәртібін белгілейді. 2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету мыналардан тұрады: спортшылардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау (ағымдағы медициналық бақылау, мерзімдік медициналық тексерулер, тереңдетілген медициналық тексерулер, диагностика, диспансерлік қадағалау) және спорттық іс-шараларға жіберу туралы медициналық қорытындыларды рәсімдеу; спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жедел медициналық көмек көрсету; спорттық жұмыс қабілетін арттыру мен сақтаудың іс-шараларын, денсаулығын қалпына келтіру бойынша оңалту іс-шараларын жүргізу. 3. Спортшыларды диспансерлік қадағалауды спорттық медицина ұйымдары мен амбулаторлық-емханалық көмек көрсету ұйымдары жүзеге асырады. 2. Спорт жарыстарын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету 4. Спорт жарыстарын өткізу кезінде спортшыларға медициналық көмек көрсету үшін медициналық бригада құрылады. Медициналық бригаданың құрамында спорт жарысының бас дәрігері, спорттық медицина дәрігерлері, медбикелер және бейіндік медицинаның басқа да мамандары болады. Медициналық бригаданың жұмысына спорт жарысының бас дәрігері басшылық етеді. Спорт жарысының бас дәрігері спорттық жарысқа қатысушылардың санына, жарыстың деңгейіне, спорттың түріне, спорттық жарысты өткізудің ерекшеліктеріне, спорттық жарысты өткізудің шарттарына, медициналық көрсеткіштер бойынша болжамды дәрігерге жүгінулердің санына қарай медициналық бригаданы жасақтайды. Спорттық жарыс кезінде спортшылардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық жәрдем бригадасы спорттық жарысқа қызмет көрсетеді. Спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорт жарысының бас дәрігері медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. 5. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар оларды өткізу кезінде: медициналық және арнайы медициналық көмек көрсетуге қатысатын медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; медициналық көмек көрсетеді; медициналық эвакуация орындары мен жолдарын анықтайды; медициналық қызметкерлер мен команда өкілдерін (спортшыларды) медициналық көмек көрсету ұйымдарымен таныстырады; «Денсаулық субъектілерінен әкімшілік мәліметтерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8421 тіркелген) жарақаты, уланғаны немесе сыртқы себептердің әсерінен болған басқа да салдарлар туралы 59 нысандағы есепті дайындайды. 6. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету мына кезеңдерден тұрады: алдын-ала; тікелей медициналық қамтамасыз ету; қорытынды. 7. Алдын-ала кезеңде зардап шеккендерді спорт жарыстары өтіп жатқан жерден спорттық объектідегі медициналық пунктке жеткізудің жолдары, санитарлық көліктің саны мен түрі анықталады, зардап шеккендерді медициналық ұйымға жеткізу жөніндегі медициналық жедел жәрдемнің көшпелі бригадаларымен, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер пысықталады. 8. Спорт жарысының бас дәрігері медициналық тікелей қамтамасыз ету кезеңінде спорттық жарысты өткізуге кедергі келтіретін жағдайлар туындаса, жарысты ұйымдастырушыларға, бас төрешілер алқасына және команда өкілдеріне тиісті ақпарат береді. Спорт жарысының бас дәрігері бас төрешіге спорттық жарысты өткізбеу немесе кейінге қалдыруды ұсынады. 9. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде спортшылар жарақат алған жағдайда, спорттық жарыстың медициналық бригадасы медициналық көмекті сол жарақат алған орында жүргізеді. Шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, зардап шеккен адам мамандандырылған арнайы медициналық көмек көрсетілу үшін жедел жәрдем бригадасымен медициналық ұйымға жеткізіледі. 10. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде көрсетілген барлық медициналық көмек көрсету жағдайлары «Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамалық нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – 907 бұйрық) (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6697 тіркелген) бекітілген 062/у нысаны бойынша дене шынықтыру іс-шараларына медициналық қызмет көрсету журналында тіркеледі. 3. Оқу-жаттығу үдерісін өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету 11. Оқу - жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету мыналарды қамтиды: спортпен шұғылдануға жіберу, спортшыларға ағымдағы медициналық бақылау жүргізу,спортшыларға тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізу (бұдан әрі - ТМТ) және спортшыларды кезеңдік (жүйелі) медициналық тексерулерден өткізу, спортшыларға дәрігерлік - педагогикалық бақылау (бұдан әрі – ДПБ) жүргізу. 12. Оқу - жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету оқу-жаттығу үдерісінің тиімділігін, спортшылар ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында жүргізіледі. 13.лСпортшыларға ТМТ спорттық медицина бөлімшелерінде (кабинеттерде), амбулаторлық-емханалық көмек көрсету ұйымдарында, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінде, спорттық медицина және оңалту орталықтарында жүргізіледі. 14. Медициналық тексерулер мен қадағалаудың нәтижелері бойынша № 907 бұйрықпен бекітілген 062 нысанда диспансерлік тексерудің қорытындысы беріледі. 4. Спортшылардың қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен, ауырулары мен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру шараларын жүргізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету 15. Қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен кейін қалпына келтіру іс-шараларының мақсаты жаттығу үдерісінің кезеңіне және спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спортшының спорттық формасын қолдау және функционалдық жағдайын жетілдіру болып табылады. 16. Қарқынды дене жүктемелерінен кейін қалпына келтіру шараларының бағдарламасын жасауға жаттықтырушы, команданың спорттық дәрігері және көрсетулері бойынша бейіндік бейіндік мамандар қатысады. 17. Қарқынды дене жүктемелерінен кейін қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін спорт объектісіндегі медициналық пункттің , дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің, спорттық медицина және оңалту орталығының мүмкіндіктері қолданылады. 18. Қарқынды дене жүктемелерінен, спортшылардың науқастануы мен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шараларын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету мен медициналық көмек көрсету диагностикалық және қалпына келтіру іс-шараларының көлемі мен сипатын анықтауды ескере отырып және зақымданудың көлемі мен сипатына, ауыру мерзіміне және спорттық дайындықтың кезеңіне қарай қолданылады. 19. Спортшылардың зақымдану және ауыруы салдарын диагностикалауда клиникалық, аспаптық және зертханалық әдістермен қатар, зақымданған ағза немесе жүйе қызметінің бұзылуын, соның ішінде функционалдық диагностиканың аспаптық әдістерін қолдана отырып, спорттық қызметті жүзеге асыру үшін маңызды ауыру немесе жарақаттану нәтижесінде зардап шеккен спортшы қызметінің өзгеруін бағалаудан тұрады. 20. Спортшының ауыруы мен зақымдануы кезінде қалпына келтірудің қажетті шарты, спорт түрінің функционалдық мәні мен ерекшелігін ескере отырып, қалпына келтірудің барлық кезеңдерінде қозғалу режімі мен дене жүктемелерінің өзге де түрлерін қолдану болып табылады. 21. Спортшыны қалпына келтіруді іске асыру үшін спортшыны оңалтудың жеке бағдарламасы жасалады (бұдан әрі-жеке бағдарлама), онда зақымданулар мен ауырудың клиникалық ағымы спорттың түрі мен фунционалды ерекшелігі ескеріледі. Спортшының жеке бағдарламасын (аурудың сипатын ескере отырып) спорттық медицина, емдік дене шынықтыру мамандары, функционалдық диагностика дәрігері, физиотерапевт дәрігермен бірлесе отырып, маман дәрегерлер жасайды. Медициналық көрсеткіштері бойынша қалпына келтіру бағдарламасына мануалды терапевт, рефлексотерапевт, психотерапевт, травматолог-ортопед, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, зертханалық диагностика, сәулелі және ультрадыбыстық диагностика бойынша бейіндік мамандар қатысады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10014 болып енгізілді.